Барахолка жаңартылмақшы

Барахолка жаңартылмақшы

Алматыдағы барахолка 2022 жылға дейін жаңартылмақшы.


ҚазАқпараттың хабарлауынша, Алатау ауданындағы 8 базар 2022 жылы жаңартылады.

Атап айтсақ, биыл «Арлан» және «Қазына» базарларын жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс 2020-2022 жылдары аяқталады. Салынған қаржының  көлемі 3 млрд 20 млн теңгеге шықты.

«Жыл соңына дейін «Үшқоңыр» және «Азия» базарларын қайта жөндеуге 1 млрд теңге инвестиция жұмсалады. «Кенжехан-1,2», «Жібек жолы» және «Өжет» базарлары 2020 жылға таман қайта жаңғыртыла бастайды», – деді Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев.