Караоке іздесеңіз, кітапханаға келіңіз

Караоке іздесеңіз, кітапханаға келіңіз

Шымкенттегі Абай атындағы орталық кітапханада Сoworking білім орталығы ашылды. Орталық Қазақстан халқының тілдері күні аясында ұйымдастырылған апталық аясында Абай атындағы орталық кітапхананың 65 жылдығына орай пайдалануға берілді.

Орталықтың ашылуына Nur Otan партиясы Шым­кент қалалық филиалы тө­­рағасының бірінші орын­ба­сары Бахадыр Нарымбетов, Қазақстанның құрметті жур­налисі Байдулла Қоныс­бек, Шымкент қалалық ар­да­герлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаев қаты­сып, тұсауын кесті.

– Бүгінде қоғам сағат са­нап өзгеріп жатыр. Жаңару үде­рісі де барлық салада өзек­ті. Бұл жерден оқырман кітаптың баспадан шыққан жи­нақ түрін де, электронды нұс­қасын да оқи алады, – деді тө­рағаның бірінші орын­ба­сары.

Nur Otan партиясының қол­дауымен ашылған жаңа зал тегін интернет, ақ­па­ратты технология мен за­­ман талабына сай жаңа жиһаз­дармен жабдықталған. Бі­лім орталығының ерек­ше­лігі, бүгінгі оқырманның сұранысына сай психология, биз­нес саласына бағыт­тал­ған мотивациялық тренд кі­тап­тар бар.

Шараның ашылуына сон­дай-ақ зиялы қауым өкіл­дері мен кітапхана оқырманы қа­тысып, қуанышпен бөлісті. Ақын Қанат Сарыбаев, жас­тар­дың уақытын тиімді пай­далануға арналған «Жас қаламгер» клубының оқу­шысы Алуа Мұхтар ар­нау өлеңдерін оқыды. Кітап­ха­на директоры Гүлсім Ша­тыр­баева:

– Сoworking-тің мақсаты – жастарға мәдени-тынығу жұ­мысын ұйымдастыру, әде­­биетке деген көзқара­сын қалыптастыру, жа­ңа­­­­лық­тармен дер ке­­­­­­зін­­­­де таныстырып, интел­лек­­­туалды орта құру. Жастар өзі­не қажетті мәліметтің бар­­­лығын осы жерден таба ала­­ды, – дейді.

Ал әдіскер Гүлжан Садық­тың айтуынша, ұлы ақын атындағы кітапханада де­ма­­­лыс күндері тегін ка­рао­ке қызмет көрсетеді. Ай­­та кетелік, заманауи Сoworking орталығы ме­га­по­лис шаһардың кітап­ха­на­ларында осымен үшінші рет ашылып отыр.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы