Ең төменгі зейнетақы мөлшерін өсіру жайы Қаржы министрлігі "Ашық НҚА" порталына орналастырған "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылған. Сонымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- - жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
- - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –18 524 теңге;
- - зейнетақының ең төмен мөлшерi – 42 272 теңге;
- - жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
- - базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге болып белгiленсiн.
- " Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", делінген заң жобасында.