Екі адам өрттен қаза тапты

Екі адам өрттен қаза тапты

Мамандардың айтуынша екі жағдайда да отты абайсыз қолдану себеп болған деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Олардың мәліметінше, 17 тамыз күні түнгі сағат 23.25 минутта өрт сөндіру қызметіне Петропавлдағы «Мичурино» саяжай қоғамдасығында үй өртенгені туралы хабар түседі. Оқиға орнына жеткен мамандар саяжай үйінің ішінен әйелдің денесін табылды. 1970 жылы туған әйел сонда жаз бойы тұрған екен. Аумағы 18 шаршы метр болатын саяжай толығымен жанып кетті.
«Екінші өрт 20 тамыз күні болды. Аққайың ауданы Полтавка елдімекенінде жекеменшік гараждардың бірінде өрт шығып, ол қора-қопсыға тараған. Оқиға орнынан 1939 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі болжам бойынша екі өртте де отты абайсыз қолдану себеп болған», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин. Жалпы жыл басынан СҚО аумағында 397 өрт тіркелді. Келген материалдық шығын 55 млн теңгеден асады. Отыз адам өртте мерт болып, 13 адам жарақат алды.