Финалдық кездесу ертеңге жоспарланған
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақ балуаны Қорлан Жақанша Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
Жартылай финалдық белдесуде ол Әзірбайжаннан келген Элдениз Әзизлиді жеңді. Енді ол финалда грузиндік Нугзари Цурцумиямен кездеседі. Финалдық кездесу ертеңге жоспарланған. Бұл Қорланның әлемдік додаға алғаш рет қатысуы.
Еске салсақ, елордадағы әлем чемпионаты бүгін басталды. Сайыстың алғашқы күнінде 55, 63, 72, 82 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуандар бозкілемге шығады.