Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ескендір Харсан кәсіби мансабындағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.
Бұл жолы ол жеңіліп көрмеген америкалық Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жайында Sports.kz хабарлайды.
Қазақстандық пен америкалық арасындағы кездесу Лас-Вегастағы әйгілі T-Mobile аренада өткен.
Бесінші раундта Ескендір қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал Очоаны бапкері келесі айналымда алаңға шығармады.
Айта кетейік, америкалық боксшы мансабында алғаш рет жеңіліске ұшыраса, Ескендір Харсан жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ, қазақстандық боксшының қоржынында тағы екі чемпиондық титул бар. Олар: Екінші жеңіл салмақтағы WBB чемпиондық белбеуі мен жастар арасындғы WBC Intercontinental белбеуі.