Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді:
- - БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
- - Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);
- - Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
- - Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы - Киев (3 рейс).
Еліміздің барлық әуежайларда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді, қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылды, карантин шаралары сақталуда (маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.