Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында Ерұлан Ысқақов бірінші белдесуінде жеңіске жетті
Балуанымыз алғашқы белдесуін жеңіспен бастады. Бұл туралы КазАқпарат хабарлады.
97 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Ерұлан Ысқақов 1/16 айналымда әзірбайжандық Орхан Нуриевті 2:1 есебімен жеңіп, жарысты ары қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 87 келіде Азамат Күстібаев алғашқы белдесуінде венесуэлалық қарсыласын 5:1 есебімен ұтты.
Ал 67 келі салмақта ел намысын қорғаған балуанымыз Мейіржан Шермаханбет америкалық Эллис Колиманға 10:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.