Бұл Алмат Кебіспаевтың әлем чемпионатында жеңіп алған үшінші қола жүлдесі
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан грек-рим командасы кезекті медаліне қол жеткізді.
63 келіде белдескен Алмат Кебіспаев қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен кездесіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Қорытынды нәтиже - 9:0. Бұл Алмат Кебіспаевтың әлем чемпионатында жеңіп алған үшінші қола жүлдесі. Бұған дейін Кебіспаев 2010 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген болатын. Сондай-ақ, Алмат 2011 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.Қазақ балуаны финалда жеңіліп 20 жылда алғаш рет алатын алтынды қолдан сусытып алды
ӘЧ: Әлем чемпионын жеңген қазақ балуаны финалға шықты