Алматы облысында автобусты пойыз соғып, бір адам қаза тапты.
Бүгін кешкі 19.20-да Алматы облысы, Шамалған стансасында пойыз автобусқа соғылып, жол апаты болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында болған.
"Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.
Сондай-ақ, ведомстводағылар оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
https://youtu.be/ldHnAhSak9k
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Шамалған станциясындағы жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты және 9 адам зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бар. Алдағы ауруханалар күшейтілген тәртіпке өтті", - деп хабарлады облыс әкімдігі.