Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Зарина бірінші айналымда әлемнің 64-ші ракеткасы пуэрторикалық Монико Пуигпен кездесу өткізді. 59 минут өткен матч 6:0, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Келесі айналымда Зарина Дияс америкалық Мэдисон Киз және ресейлік Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен ойнайды.