Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды,– деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келі салмақ бойынша боз кілемге шыққан қазақ палуаны бұған дейін Бразилия атынан сынға түсіп жүрген бұрынғы отандасымыз Марат Гариповты 2 минуттың ішінде жеңіп, ал ширек финалда хорваттық Иван Лизатовты 10-0 есебімен ұтты.
Енді жартылай жиналда Мейрамбек ресейлік әлем чемпионы Сергей Емелинмен белдеседі.
Бұған дейін 77 келіде Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленген еді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатанды балуандар жүлделі орындармен қатар келесі жылы өтетін Токио-2020 олимпиадасына жолдамаларды да сарапқа салады.
Нұр-Сұлтанда спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 5-орынға ие болған балуандарға беріледі. Біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады.