Допинг үшін жаңа жаза енгізілмек

Допинг үшін жаңа жаза енгізілмек

Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғы­мен палатаның Бюро оты­рысы өтті. Жиында қа­лау­­лылардың осы апта­дағы жал­пы отырысының күн тәр­тібі жобасы айқын­дал­ды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Атап айтқанда, заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жаза енгізуге бағытталған.

Бұдан бөлек, жиында палата талқылауына ратификациялық заң жобасы Украинамен арадағы экстрадициялау туралы шарт шығарылады деп жоспарланған. Құжатта уағдаласушы мем­ле­кет­тер шарттың талаптарына сәй­кес ұстап беруге әкеп соға­тын қылмыстар бойынша қыл­мыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы тарап іздестіріп жатқан қылмыскерді өзінің аумағында ұстап алып, екінші тарапқа беруге міндеттенеді.

Осы жалпы отырыста сон­дай-ақ газ және газбен жаб­­дық­тауға қатысты жаңа­шыл­дық­­тары бар заң жобасы бойын­­ша қорытынды әзірлеу мер­­зімі бекітілмек.