Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Вьетнам билеуші партиясының Орталық комитет хатшысы Во Ван Тхыонгпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту перспективаларын талқылады.
Қазіргі таңда екі ел арасында дәстүрлі достық қатынас орнаған. Вьетнам – Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық және саяси салмақты серіктес. Соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде алға ілгерілеп келеді. Бұл көрсеткіш соңғы 5 ай мерзімнің өзінде 23 пайызға өскен. Екі мемлекеттің экономикасын дамытуға ықпал етіп, болашақта үлкен үміт күттіретін бағыт қызмет көрсету және туризм саласы болып отыр.
– Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып жатқан, халықаралық қауымдастықтың құрметіне ие болып отырған мемлекет. Біз тек экономикалық ынтымақтастықты ғана емес, сонымен қатар мәдениет, білім және басқа да салаларда өзара байланысты дамытуды көздейміз, – деді Во Ван Тхыонг.