Екатеринбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңда америкалық Хавьер Мартинесті жеңіп, финалға шықты.
Vesti.kz ақпарына сәйкес, 75 келі салмаққа дейінгі жұдырықтасу бар-жоғы үш раундқа созылып, қазылар алқасы ортақ шешімге келген. Құлахмет осымен әлем чемпионатына үшінші рет қатысып жатыр.
2019 жылы ол Азия чемпионы болған еді. Әлем чемпионатына да, осы турнирге де 2017 жылғы әлем чемпионатының финалисі Әбілхан Аманқұлдың орнына барды. Аманқұл жарақат алғандықтан шаршы алаңға шыға алмады.