Қазақстан бизнес жүргізуден 28-орында

Қазақстан бизнес жүргізуден 28-орында

Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елдің ішінде 28-орында. Бұл жайында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады.


Қазақстан 28-орында екенін DoingBusiness рейтингінде  көрсетілген.

Үкімет отырысында Қазақстанның позицияларын жақсарту мәселелері талқыланған болатын. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында біздің алдымызға экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестицияларды тарту, бизнес ахуалды жақсарту бойынша нақты міндеттер қойды. Үкімет осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы жылдың сәуірінде Парламент кезекті 7-заңнамалық түзетулерді қабылдады. Бұл өзгертулерде құрылыс саласында «бір терезе» қағидатын енгізу, келісімшарттарды орындау мәселесін оңтайландыру, салық салу аясында реформаларды іске асыру шаралары бар. Кәсіпкерлер арасында түсіндіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, қазіргі кезде Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елі арасында 28-орында. Жалпы, бұл рейтинг бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетуге бағытталған реформалардың қаншалықты тиімді екенін көрсетеді.

«Бұл, әрине, елдің инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді және инвесторлар үшін жаңа жобалар мен өндірістерді құруға қатысты мүмкіндіктерді беру құралы болып саналады», - деді ол.