Биыл елімізде өндірілген түйе сүті Қытайға экспорттала бастайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Алғашында көрші елге құрғақ түйе сүтінің 100 мың тоннасы жөнелтілуі тиіс. Бұдан бөлек астық экспортының көлемі артады.
Отандық фермелер кебек, жүгері, зығыр жеткізу ісін де ілгерілетпек. Жалпы, қазір осы елмен әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірген қазақстандық кәсіпорындардың тізімі жасақталып жатыр.