Жарыста белгілі жапон спортшысы Юдзуру Ханю алтын медаль жеңіп алған
Канаданың Оквилл қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен Autumn Classic International турнирінің марапаттау салтанатында ерекше оқиға орын алды.
Жарыста белгілі жапон спортшысы Юдзуру Ханю алтын медаль жеңіп алған. Мемлекеттік әнұран орындалған кезде ұйымдастырушылар Жапония туын көтеруді ұмытып кеткен.
Үшінші орын алған канадалық фигурист Киган Мессинг жағдайға тез араласып, жанында тұрған Жапония туын көтереді. Ал Ханю тұғырдан айдынға түсіп, туға қарап құрмет қылған.
Жарыстың күміс жүлдесін француз спортшысы Кевин Аймоз жеңіп алса, Киган Мессинг қола жүлдегер атанған.
https://youtu.be/ljT-87ObXSM