Футболшы алатын жалақы көлемі де белгілі болған
Бүгін, 17 қыркүйек күні Ресей құрамасының экс-футболшылары Александр Кокорин мен Павел Мамаев колониядан шығарылды.
Оларды Кокориннің өгей әкесі Кирилл Логинов қарсы алған. Футболшылар журналистер сауалына жауап берместен Логиновтың көлігіне отырып кетіп қалған.
Кокориннің адвокаты Юрий Падалконың айтуынша, футболшы кеше өзінің бұрынғы клубы «Зенитпен» келісімшартқа отырған. Бұған дейінгі оның клубпен келісімшарты осы жазда аяқталған еді. Ал Мамаевтың клубы «Краснодар» онымен әрі қарай еңбек келісімшартын созуды қаламаған.
Футболшылар 2018 жылдың қазан айынан бері «Бутырка» абақтысында отырды. Олар былтыр Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде төбелес шығарып, айыпты болған еді.
Дерек көзінің мәліметінше, Кокорин петербургтік клуб сапында жылына 2,5 миллион еуро жалақы алмақ.