Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Халықаралық жарыс Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.
Үздік үштікке польшалық Йоанна Лоховская енді (80+105). Сондай-ақ, бұл халықаралық жарысқа қазақстандық зілтемірші Ибрагим Берсанов те қатысып жатыр. 30 тамызда ол 109 келі салмақта бағын сынайды. Жарыс онлайн режимде өтіп жатыр.