Коронавирус ғаламшарымыздағы миллиондаған адамның психикалық денсаулығына кері әсерін тигізді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Женевада өткен брифингте мәлімдеді, - деп жазады 24.kz.
«COVID-19 миллиондаған адамның психикалық денсаулығына мазасыздық пен қорқыныш салдарынан кері әсер етті», - деп түсіндірді ол.ДДСҰ басшысының айтуынша, мұндай жағдай көптеген елдерде енгізілген шектеу шараларынан және соның салдарынан адамдар арасындағы байланыстың болмауынан туындады. Гебрейесус атап өткендей, миллиардқа жуық адам психикалық ауытқулардан зардап шегуде, бірақ сапалы медициналық көмек халықтың аз бөлігі үшін ғана қолжетімді.