Шамалғанда болған жол апаты салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы дәрігерлер хабарлады.
Қаланың денсаулық сақтау басқарамасының ақпарына сәйкес үш және бес жастағы екі жеткіншек балалардың жедел жәрдем орталығына жеткізілген.
«Қазіргі уақытта балалардың жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алып жатыр. Бар керекті ем-домды толық ауқымда алып жатыр», - деді қалалық денсаулық сақтау басқарамасы.
Зардап шеккен әйел болса, қалалық клиникалық емханаға жеткізілген. Бүгін ол жан сақтау және терапия бөлімінен полижарақат бөліміне ауыстырылған. Оның жағдайы орташа ауыр. «Операцияға дайындық жүруде», - деп хабарланды.
Еске салсақ, 15 қыркүйек Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде сағат 19.20-да жол апаты болды. Автобус жүргізушісі пойыздың дабылына қарамастан, жолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты қағып кетті. Жол апатынан автобус жүргізушісі қаза тауып, екі қыз бен бір әйел ауыр жарақат алып, емханаға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.