Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды.
75 келі салмақта ел намысын қорғаған Құлахмет жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды. Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарына қатысып, чемпион атанған.
Бүгін әлемдік додада қола медальға қол жеткізді. Бұл – бокстан әлем чемпионатындағы екінші қола медаль.
Осыған дейін 52 келі салмақта тағы бір отандасымыз Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.