Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық әлем чемпионатында еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков күміс жүлдегер атанды.
65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ниязбеков бүгін финалда Ресей балуаны Гаджымурат Рашидовтан жеңіліп қалды. Рашидов б3зд34 балуанды 11:0 есебімен ұтып, жеңіске қол жеткізді. Сонымен, 20 жыл бойы күткен «алтын» ақыры қазақ балуандарына бұйырмай кетті. Дегенмен, Дәулеттің қоржынында Токио 2020 Олимпиадасының жолдамасы мен күміс жүлдесі бар.