Дронның көмегімен түрмеге телефон кіргізбек болған

Дронның көмегімен түрмеге телефон кіргізбек болған

polisia.kz  мәлімдеуінше, оқиға кеше түнде болған. Павлодар облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияның қызметкерлері дронды тауып алған. Ол колонияның аумағына келіп қонған. Дронға полиэтилен пакет бекітілген екен. Оның ішінде екі ұялы телефон, екі сим-карта және телефонды қуаттайтын аппараты бар еді.

«Еліміздегі түрме жүйесінде заңсыз зат кіргізген дронды ұстау алғаш рет болып отыр. Бұған дейін дронның түрме үстімен ұшып өткенін ғана тіркегенбіз. Дронды полицияға бердік, оның иесі мен жүкті беріп жіберген адам анықталып жатыр», - дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.