Қатты жел 30-ға жуық үйдің шатырын жұлып әкетті

Қатты жел 30-ға жуық үйдің шатырын жұлып әкетті

ШҚО төтенше жағдайлап департаментіннің мәлімдеуінше, оқиға Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында  болған.

Қатты желдің кесірінен Қаратал ауылы зардап шекті. Аяқасты көтерілген қатты жел, дауылға ұласып, ауылдағы 25-30 үйдің шатырын жұлып әкетті.
Жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар табиғат апатынан келген шығынның көлемін анықтау үстінде. Еске сала кетейік, кеше «Қазгидромет» мамандары Шығыс Қазақстанда жел соғып, дауыл тұратынын, бұршақ жауатыны айтылған еді.