Мой город порталының мәлімдеуінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған. «Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен» деп мәлім етті полиция.
Еске салсақ, 9 жасар Нұрасыл Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кетіп, қайта оралмаған.