Боксшы кіші Рой Джонспен жекпе-жек өткізуге келісті. Барлығы Майктың бір снарядты ширақ соққылап отырғаны жазылған қысқа видеодан басталған.
«Сендерге бірдене айтайын, қысқасы, мен бұл бар-жоғы 30 секунд болатын видеоны түсіргеннен кейін бір апта төсек тартып жатып қалдым. Әрине, бұл күлкілі жағдай емес», – деді Тайсон.Майк боксқа оралу идеясы қайдан шыққанына да тоқталды. «Мен әйеліммен артық салмақ туралы әңгімелескен едім. Ол маған: «Жүгіру тренажерімен күніне 15 минут жаттықсаң қайтеді?» деген. Ақыры сол 15 минут күніне 2 сағат жаттығуға айналды», – дейді боксшы.
«Мен артық салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасуға келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе. Өзіңді қалпына келтіру – бұл күнделікті киіміңді кигенмен тең. Ал бұрынғы қалпына оралу – өз жаныңның сыртына шығып кеткенмен бірдей. Бұны автоматты түрде жасау мүмкін емес», – деді Майк Тайсон.Біз бұған дейін Майк Тайсон мен кіші Рой Джонстың жекпе-жегі өтетінін жазған болатынбыз.