Смартфондар адамның есте сақтау қабілетіне қауіпі болып саналады. Бұл туралы мәскеулік терапевт Олеся Набокова "Прайм" агенттігіне хабарлады. Маманның айтуынша, гаджеттерді жиі қолданған кезде адам фактілер мен қысқа мерзімді ақпаратты нашар есте сақтай бастайды. Бұған жол бермеу үшін және есте сақтауды жақсарту үшін белгілі бір жаттығулар жасау керек.
"Телефонға суретке түсіру, мобильді құрылғылармен жұмыс істеу, навигацияны пайдалану және үнемі интернеттегі жаңалықтарды оқу есте сақтау проблемасын тудырады. Адам ақпаратқа қол жеткізетініне сенімді болса, қандай да бір шектеу бар жағдаймен салыстырғанда деректерді әлдеқайда нашар есте сақтайды", - деп түсіндірді маман.Сонымен қатар зерттеулер ұялы телефондар мен смартфондарды белсенді қолданатын балаларда жарық және дыбыстық сигналдарға реакция баяулайтынын көрсетті. Сондай-ақ, балаларда жазу кезінде жіберетін қатесі көбейіп, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, назар аудару және мағынасын түсіну де әлсірейді. Мамандардың айтуынша, телефон арқылы жиі қоңырау шалып, техникалық құрылғыны оң құлағына қойып қолданатын жасөспірімдерге дерексіз формаларды есте сақтау қиынға соғады. Бұл құрылғылардың адамның өмір сүру процесіне қосылғанына ұзақ уақыт болған жоқ, сол себепті оның нақты әсерін медициналық тұрғыдан дәлелдеп, бұл сұраққа жауап беру үшін біршама уақыт керек. Сарапшының айтуынша, гаджеттерді белсенді қолданатын адамдар қартайып, содан кейін ғана олардың ненің әсерінен дүниеден өткенін білуге болады. Маманның айтуынша, еске сақтау қабілетінің төмендеу процесін тоқтатуға болады. Зерттеулер күн сайын жарты сағат жаттығу жасау қысқа мерзімді жадты 30 процентке жақсартатынын көрсетті. Жаттығу ретінде дауыстап санау, кері санау, сан және сөзге қатысты тапсырмаларды орындауға болады. Адамдар смартфонды қолданған кезде басын еңкейтіп отырады. Сол себепті күн сайын бірнеше минут қол, білек, мойын мен иыққа арналған жаттығу жасау керек. Сондай-ақ, кем дегенде сегіз сағат ұйықтау қажет. Дәрігер ұйқыдан екі сағат бұрын смартфонды пайдаланбауға кеңес берді, оның орнына кітап оқуды ұсынды.