Ғалымдар тамақтану рационы мен коронавирустан өлім көрсеткіші арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды "Известия" басылымы. Ресейлік мамандардың айтуынша, тамақтану рационы иммунитетке әсер еткендіктен өнімдер денсаулыққа пайдалы болуы керек.
"Майы аз және қышқыл сүт өнімдері көптеген диета құрамында бар. Олар несеп қышқылын шығаруға, липидтер мен көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, сондай-ақ, олардың құрамында кальций мен Д дәрумені бар", - дейді диетолог Наталья Пугачева.Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, тағам өнімдері вирусқа емес, иммун жүйесін күшейтуге ғана әсер етеді. Сондай-ақ, мамандар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан қант диабеті пайда болып, адамның семіздікке ұшырауы мүмкін екенін ескертеді.