Екі бала трактордың астына түсіп кетіп, біреуі қайтыс болды

Екі бала трактордың астына түсіп кетіп, біреуі қайтыс болды

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай қыркүйектің 6-сында Қорғалжын кентінде болды.

«Анықталғандай, балалар елдімекеннің ішімен келе жатқан шөп тиелген трактор тіркемесінің бекіткішіне шығып, одан құлап, доңғалақтың астынан түскен. Соның салдарынан алған дене жарақатынан 8 жастағы ұл бала сол жерде көз жұмса, 5 жасар қыз дене жарақатынан Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілді. Трактор жүргізушісі сау болған», – дейді ресми мәліметте.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптама тағайындалды.