АҚШ Польшадағы әскери қауқарын күшейтпек

АҚШ Польшадағы әскери қауқарын күшейтпек

АҚШ президенті Дональд Трамп және Польша президенті Анджей Дуда қорғаныс саласында ынтымақтастықты күшейту бойынша ортақ декларацияға қол қойды.

Келісімде «Американың Польшадағы әскери мүмкіндіктерінің болуын» кеңейту жұмыстары жалғасатыны айтылады. Польшаға қосымша мыңдаған америкалық әскерилер жіберілуі мүмкін.

Сондай-ақ тараптар Польша аумағына бронетанкілік жауынгерлер тобын орналастыру мәселесін талқылауда.

Трамп АҚШ-тың Польшадағы әскери қауқарының артуына Ресейден төнер қауіптің еш қатысы жоқ.

30 тамызда Польшаның ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак Варшава Вашингтонмен Америкадан келген әскерилерді алты жерге орналастыру бойынша келісімге келгендерін хабарлады.