Ганалық шабуылшы 171 матчта 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген
«Астана» футбол клубының экс-шабуылшысы Патрик Твумаси өзінің жаңа командасы «Газиантеп» сапында керемет гол соқты.
Ганалық шабуылшы Түрік Суперлигасы аясындағы «Ризеспорға» қарсы өткен қонақтағы кездесуде мергендікпен көзге түсті.
Матчта «Газиантеп» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Суперлиганың 5 турынан кейін Твумасидің клубы үшінші орында келе жатыр.
Футболшы бұған дейін испаниялық «Алавес» сапында ойнап, Ла Лигада 14 кездесу өткізген еді.
Ганалық шабуылшы «Астана» қатарында 2013-2018 жылдары ойнап, клуб тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Ол 171 матчта 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген.