Шара Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған
27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық бюросының конференц-залында Халықаралық «ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» күніне арналған І Орталықазиялық журналистика семинары басталады.
ЮНЕСКО-ның 2015 жылғы 17 қарашадағы шешіміне байланысты (38С/70) 28 қыркүйек Халықаралық ақпаратқа жалпыға қол жетімділік күні болып жарияланған болатын. Бұл Халықаралық күн қоғамның ақпаратқа қол жетімділігі мен арнайы бостандықтарды қорғауды талап ететін 2030 тұрақты даму тәртібін, атап айтқанда, 16.10 Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда ерекше маңызға ие.
Іс-шараның мақсаты - Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ақпаратқа қол жетімділіктің маңыздылығына назар аудару. Ғылыми пікірталас халықтың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, тұрақты даму мақсаттары үшін журналистік білім беру, ақпаратқа қол жетімділік, Орта Азия елдерінің заңдарына шолу секілді негізгі бағыттар бойынша өткізіледі.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған семинарға Өзбекстан, Қырғыстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Қазақстан университеттері журналистика кафедрасының профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттары және отандық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, шараға австралиялық ғалым, Сидней университетінің БАҚ және коммуникациялар департаментінің қызметкері Беате Джозефи арнайы шақырылған. Ол болашақ журналистердің алдында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліспек.