УЕФА Ұлттар Лигасының ережелеріне 2020/21 маусымынан бастап өзгерістер енгізілгенін жариялады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
А,В, С дивизиондарында енді 16 құрамадан ойнайтын болады. А D-жеті дивизионында.
А және В лигаларындағы алғашқы дебютте 12 құрама ойын көрсеткен еді, С лигасында - 15, D лигасында - 16 құрама ойнады.
Жеребье тастау 2020 жылы наурызда Амстердамда УЕФА-ның Конгресінде өтеді.
Формат өзгергендіктен, Қазақстан құрамасының статусы жоғарылады. Енді ол С дивизионында ойын көрсететін болады.
Ал А Лигасында Ұлыбритания, Португалия, Голландия, Швейцария, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Босния, Украина, Дания, Швеция, Хорватия, Польша, Германия, Исландия ойнайды. Оларды төрт топқа бөліп тастайды (төрт-төрт құрамадан). Төрт нашар ойын көрсеткен құрама В Лигасына өтеді.
В Лигасында Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Болгария, Израиль, Венгрия, Румыния ойын көрсетеді.
С Лигасында Греция, Албания, Черногория, Грузия, Солтүстік Македония, Косово, Белоруссия, Кипр, Эстония, Словения, Литва, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдавия ойнайтын болады. Оларды төрт топқа (төрт-төрт құрамадан) бөліп тастайды. Төрт үздігі В Лигасына, екі нашар ойын көрсеткені D Лигасына өтеді.
D Лигасында Гибралтар, Фареры, Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино ойнайды (төрт, үш құрамадан).
УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ұйымдастырған ұтысының жеңімпазы Португалия атанды.