Қытай және Үндістан әскерлері шекара маңында тағы қақтығысты, – деп хабарлайды South China Morning Post. Екі елдің сарбаздары шекарадағы даулы аймақта жұдырық жұмсап, сойыл сілтесіп қалған. Қоян-қолтық ұрыстың видеосы Қытай әлеуметтік желілерінде кең тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Желіде 8 қыркүйек күні пайда болған бейнеден өзен жағасындағы екі ел әскерилерінің қақтығысын көруге болады. https://www.youtube.com/watch?v=TYUi8KFufVw&feature=emb_logo&ab_channel=SCMPClips Басылымның хабарлауынша, 15 маусым күні Үндістанның Ладакх аймағының Галван жазығында Үнді және қытай сарбаздары төбелесіп қалған. Нәтижесінде Үндістан тарабы кем дегенде 20 әскери қаза тапты. Ал ресми Пекин бұл қақтығыстан қанша жауынгер жоғалтқанын айтудан бас тартқан.