Отандасымыз Болгарияның онлайн режимінде өткізілген «Речни ноти» конкурсынан Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бексұлтан жақында ғана Беларусьте жыл сайын өткізілетін «Славян базары» халықаралық фестивалінен үшінші орынмен оралған болатын. 25 жастағы өнерпаз Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжді тәмамдаған. Қазір Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада бөлімінде оқиды. Жас талант бұған дейін де бірнеше мәрте халықаралық өнер бәйгелерінде еліміздің намысын қорғады. «Қазақстан дауысы» және «Музарт-Live» ұлттық телевизиялық жобаларының финалисі, республикалық «Жұлдыз» байқауының Гран-при иегері. Өткен жылы ол «Паланга» (Литва) және Ресейде өткен жас орындаушылардың халықаралық фестиваль-конкурстарында Гран-приді қанжығасына байлаған болатын.