5 өңірде ескерту жарияланды

5 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 12-13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі. 12 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 12 қыркүйек күні таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 12 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік сақталады. Найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с.