Сұрау – сізден, бақылау – бізден

Сұрау – сізден, бақылау – бізден

Түркістан облысында сы­байлас жемқорлықпен кү­рес жұмыстары жандана түс­пек және мұның бәрі облыс басшысының бақылауында тұр. Бұл туралы облыс әкі­мі Өмірзақ Шөкеевтің басқаруы­мен өткен жиында айтылды. Сондай-ақ облыста «Ашық бюд­жеттік интерактивті кар­та­­сы» жүзеге асып, мем­ле­кет­т­ік мекемелерде «Халық­тық кеңсе» ашылмақ.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі талқыланған басқосуда Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі өкілдері, аудан мен қала әкімдері және басқарма бас­шы­лары қатысты.

Transparency International үкі­меттік емес халықаралық ұйы­мы жүргізген зерттеу нәтижелері Қазақстанда жемқорлықпен күресте оң өзгерістердің байқалға­нын көрсеткен. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған нәтижелі жүйе­лі жұмыстың бар екенін тағы да дәлелдейді. Тақырыптың өзек­тілігіне тоқталған аймақ бас­шы­сы маңызды мәселенің жеке бақы­лауында екенін айтты.

Жиында Мемлекет басшысы­ның 2019 жылғы 13 маусымдағы шешіміне сәйкес, қайта құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты миссиясы ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу екендігі атап өтіліп, барлық бастама әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтары негізінде жүзеге асырылатыны жеткізілді.

«Біз ең таза өңір болуымыз керек. Осы бағытта жұмыс істейік. Басшылықта отырған азаматтар бұл мәселені өз бақылауында ұстап, күнде қадағалап отыратын болсын. Сұрау сіздерден. Біз нағыз еңбекқор, таза ниетті жандар мекен еткен қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жемқорлықпен күресу үшін әркім өзі таза болуы керек. Оған жол бергендерге қатаң шара қолданатын боламын. Ашықтық – басты міндет, басты ұстаным. Осы тұста мемлекеттік мекемелер арасында «Ашық бюджеттік интерактивті картасы» жобасын да қолға алу керек» деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Бұл жоба – бюджеттен бөлі­не­тін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікір­лерді жинау және ақпаратты тал­­дауға арналған жалпыға қол­­жетімді сыртқы ресурстағы сер­вис. Сондай-ақ карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік ны­­сандарды салу, жөндеу және күту­ге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Жемқорлықтың тамырын жойып, мем­лекеттік қызметтердің сапа­сын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру – қоғамның өзекті мәселесі. Бұл тұста облыс әкімі өңірде атқарып жатқан жұмыстардың бірі – «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын атап өтті. Тиімділігін көрсеткен жоба аясында нәтижелі жиындар өткізіліп, мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге, 8 мыңнан астам тұрғынға құқықтық кеңес беріл­ген. 40 ауылдық округтерде «Қауіп­сіз аймақ» бұрыштары ашы­лып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде 1700-ге жуық шара ұйымдастырылған. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері облыстағы 29 мемлекеттік және 19 жекеменшік колледжде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Полицияда фронт-офистер ашылып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және мемлекеттік мекемелерде сатушысыз өз-өзіне қызмет ету форматында 818 «Адалдық дүкені» ашылды. «Түркістан қалалық емxанасы» пилоттық үлгіде жоба­лық кеңсе іске қосылды. Алдағы жартыжылдықта барлық емхана мен аурухана автоматтандыру мен цифрландыру процесінен өтеді.

Комиссия мүшелеріне Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей коммуникациялық форма­лық стилі, яғни аталған үш құн­ды­лық негізінде әзірленген агент­тіктің елтаңбасы мен логотипі таныс­тырылып, олардың мән-маз­мұны кең көлемде түсіндірілді.

Сондай-ақ бүгінгі күні басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, алдын алуға аударылып жатқандығы ескертіліп, аталған бағытты күшейту мақсатында агенттікте үш жаңа департаменттің (Превенция, Парасаттылық, Серіктестік) құрылғандығы хабардар етілді.

Жиын соңында комиссия мүше­лері мен оның отырысына қатыс­қан барлық мекеме басшы­ларына арнайы әзірленген агент­тіктің жаңа имиджі тура­лы ақ­па­рат­тық кітапшалар тара­тыл­ды.

 

Түркістан облысы