Тұңғыш Президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Тұңғыш Президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз сауда жасағаны үшін ұстаған. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, осыған дейін де сатушы рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны және тәртіп сақшыларының талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда ер адам тыйым салынған орында қайта сауда жасаған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.

«102 пультіне Дулати көшесіндегі заңсыз жаппай сауда жасау туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор барды. Дерек расталды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді», – дейді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Поймали продавца кукурузы ✊ надеемся чувак отделался предупреждением ??

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)