Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 15-17 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды"Қазгидромет" РМК.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Кар теңізі аудандарынан келетін циклон анықтайтын болады. Циклон жаңбыр, солтүстіктің орталығында – екпінді желмен қатты жаңбыр тудырады, бұршақ түсуі мүмкін. Одан басқа, солтүстік және орталық аудандарда  температура күндізгі уақытта 10-23 градус жылыға дейін төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай күтіледі", - деді синоптиктер.