Аружан САИН: Балаларды митингке алып шықпау керек

Аружан САИН: Балаларды митингке алып шықпау керек

Қазақстан Республикасының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин ата-аналардан балаларды митингке алып шықпауды сұрады


«Митингке қатысты айтарым - әуелі басқа елдерде мұндай мәселе қалай қаралатынын зерттеп алуым керек. Екі өтінішім бар: біріншісі ата-аналарға. Балаларды ондай акцияларға қатыстырмаңыздар. Айналып келгенде баламен «барахолкаға» барудың өзі қорқынышты. Себебі, адам көп. Ал көшеде не боларын бір құдай біледі. Ата-аналардан балаларды митингке алып шықпауды сұраймын. Екінші өтінішім - полиция қызметкерлеріне. Егер ата-ананы баламен бірге ІІБ-ге апармай-ақ, айыппұлды пошта арқылы жібере алатын болсаңыздар, оларға тиіспей-ақ қойыңыздар. Егер ата-ана баламен келіп тұрса, айтарын айтсын. Ал егер ары қарай заң бұзылса, бұл шараларды сүйрелемей-ақ жүргізе аласыздар», - деді Аружан Саин.