Медициналық маска 20 теңгеге арзандатылды

Медициналық маска 20 теңгеге арзандатылды

Елімізде медициналық масканың бағасы 60 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды primeminister.kz.

«Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді», - делінген хабарламада.