Пошта қызметінің сапасына зейнеткерлердің көңілі толмайды

Пошта қызметінің сапасына зейнеткерлердің көңілі толмайды

Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына  жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. Бурабайлықтар үшін ауыл шаруашылығын дамыту мен туризм саласына ерекше назар аудару мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы  аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және Щучье қаласын абаттандыру  мен қала ішіндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізуде шешімін күттірмес мәселе болып тұр. Ал  Кенесары ханның есімін иемденген Кенесары ауылдық округі облыс орталығы Көкшетаудың дәл іргесінде орналасқанмен, ауыл ішіндегі жолдардың жайы көңіл көншітпейді. Зейнеткерлер пошта қызметінің сапасына көңілі толмаса,  тұрғындар үшін мал жайылымы жоқтың қасы.  Осы және өзге де маңызды сұрақтар праймеризге қатысушылардың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден тыңдап отырған тұрғындардан әрі дебатты тікелей тамашалаған сайлаушылар да өздерін мазалаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жалпы, Бурабай аудандық филиалынан праймеризге 57 қатысушы  тіркеліп, олар 13 дебат алаңында пікірсайысқа түседі.