Бұл Арман Оспановтың карьерасындағы үшінші жеңілісі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Мәскеуде ресейлік Алексей Полпудниковқа қарсы шығып, нокаутпен жеңіліп қалды.
Кездесу 27 қыркүйек күні «ВТБ Аренадағы» Absolute Championship Akhmat 99 турнирі аясында өтті. Екінші раундтағы Полпудниковтың үсті-үстіне жасаған шабуылынан кейін рефери кездесуді тоқтатты.
Бұл Арман Оспановтың карьерасындағы үшінші жеңілісі. 29 жастағы қазақ жігіті ММА-да 9 жеңіске жеткен болатын. Ал 27 жастағы Полпудников болса карьерасында 28 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен.
Еске салсақ, осыған дейін Оспанов пен Полпудников екі рет кездескен. 2013 жылдың тамыз айында Оспанов нокаутпен жеңсе, екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы дау-дамайлы шешіммен жеңіске жеткен еді.
https://youtu.be/IPwd3B1jcp4