Киіз үйде тұрып жатқан америкалықтар

Киіз үйде тұрып жатқан америкалықтар

Американың Орегон штатынның тұрғындары, ерлі-зайыпты Зак пен Николь заманауи киіз үй жасап, үйге қажетті жабдықпен қамтып қойған.


Бұл туралы YouTube желісіндегі Living Big In A Tiny House каналында видео жарияланды.



Құрылыстың диаметрі – 9 метр. Киіз үй өте жайлы, өмір сүруге қолайлы. Оған қоса, ұйге қажетті барлық жабдықпен қамтылған. Құрылымы жағынан да бірқатар ерекшеліктерге ие. 

«Киіз үй – өте әдемі, жайлы әрі жинап-құрастыруы оңай»,– дейді жастар.

Зак пен Николь көшпенді халықтың дәстүрлі жылжымалы баспанасына жаңа көзқараспен қарауға шақырады. «Сәулет жағынан да келіскен бірегей дүние пайда болды», – делінген жазбада.