Қазақпарттың мәліметінше, 2020 жылғы Олимпиадаға 11 090 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Олимпиада ойындарында 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінгі таңда спорттың барлық түрі бойынша 2020 жылғы ойындарға іріктеу кезеңі басталып кетті.
Дәл қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында спорттың 10 түрінен 20 жолдама бар.
Нақты айтсақ, күрес түрлерінен Астанада өткен әлем біріншілігіне дейін қазақстандық спортшылар арасында ашық суда жүзуден - 1, жеңіл атлетикадан - 2, велоспорттан - 1, бассейнде жүзуден - 2, садақ атудан - 4, спорттық құзға өрмелеуден - 1 жолдама жеңіп алды. Елордада өткен күрестен әлемдік дода спортшыларымызға 8 жолдама сыйлады. Оның ішінде, грек-рим күресінен 2 жолдамаға иелік етсе, әйелдер күресінің балуандары да 2 жолдаманы жеңіп алды. Еркін күрес шеберлері болса, төрт салмақ түрінен жолдамаға ие болды. Сонымен, әзірге Олимпиадаға 20 жолдамамыз бар.