«Алтай қаласында төбедегі қар мен мұзды тазалау жұмысы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады», - деп хабарлайды YK-news.kz . Аудан орталығында апта бойы термометр бағанасы минус 10 градустан төмендемей қойған. Осыған байланысты көп пәтерлі үйлердің шатырларынан қар мен мұздан өздігінен сырғып түсуі жиілеп кетті. Кейбір тұрғындар бұған жол бермеу үшін шатырды уақытылы тазалауға адам жалдайды. Әлеуметтік желілерде оқыс оқиға түсірілген бейнежазба тарап кетті. Екі ер адам Жақсыбаев көшесіндегі екі қабатты үйдің төбесінде жұмыс істеп жатқан. Кенеттен қалың қар сырғып кетіп, жұмысшыларды өзімен ала кетеді. Куәгерлерден оқиғаның мән-жайын анықтаған учаскелік полиция инспекторының мәліметі бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ: ер адамдар омбы қарға құлаған. Ресми мәліметтер бойынша, Алтай қаласындағы қар жамылғысының биіктігі 116 сантиметр. https://www.youtube.com/watch?v=es5wEANOBvQ&feature=emb_logo