Жемқорларды жазалайтын заң қабылданбай, Мәжіліске кері қайтарылды

Жемқорларды жазалайтын заң қабылданбай, Мәжіліске кері қайтарылды

Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлықты жою. Оның ішінде, мемлекеттік қызметкерге сыйлықтар сыйлауға және оның отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым салу. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

«Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Сенат депутаттарының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмыс жасауға арандату деп кейін әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері жатады. Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 1-бабының 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген 2-1-бөлігіне сәйкес Кодекске өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл заң жобасынан Кодекске осы түзетулерді алып тастау қажет», – деді сенатор Андрей Лукин.