Шымкентте 100 жастағы әже пневмониядан сауығып шықты

Шымкентте 100 жастағы әже пневмониядан сауығып шықты

Дәрігерлер 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды.

Қызтай Дүйсебекова 100 жасқа толған туған күнін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды.

Қария 7 қыркүйек күні «Асар» ышамауданындағы ауруханаға ауыр халде жеткізілген, – деп жазады «Қазақпарат». Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтаған. Қарт әженің асқазан жарасы да асқынған. Дәрігерлер оғаны вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде, қарт ана толығымен айығып, үйіне қайтты.